Атырау, Caspian News. Қалалық әкімдік көпбалалы аналар үшін пәтерлер сатып алмақшы.
Бұл туралы өткен жылдың қараша айында Мемлекеттік сатып алу порталында лот жарияланды. Онда облыс орталығынан екі және үш бөлмелі 89 пәтердің сатып алынатындығы туралы көрсетілген. Тапсырыс беруші – қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі.
Конкурс нәтижесінде лотты «Атырау» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұтып алған. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандарының айтуынша, көпбалалы аналарға берілетін бірнеше қабатты тұрғын үйлер Нұрсая ықшам ауданынан бой көтермек. Оған 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалатын болады.
Ал, құрылыс жұмыстарының нақты қашан басталары белгісіз. Айта кетейік, қазір пәтер кезегінде қала бойынша 2001 көпбалалы ана тұр.