Атырауда тұңғыш рет «Гранд Бал» өткізіледі. Сал ауруына шалдыққан балалардың еміне қаражатты жинауды мақсат еткен шараға түрлі салада қызмет етіп жүрген 120 адам қатыспақ. Оларға вальс, полонез, кадриль секілді билерді үйрету үшін Орал қаласынан арнайы хореграфтар да шақыртылыпты. Айта кету керек, Гранд балға елімізге танымал өнер жұлдыздары да қатысатын болады. Қайырымдылық шарасының билеттері жуықта ғаламтор арқылы сатылымға шықпақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнайлы аймақтағы бірді-екілі компания тарапынан Гранд балды өткізуге демеушілік көмек көрсету туралы өтініш келіп түскен. Бірақ, өкінішке қарай, олардың саны өте аз көрінеді.
Даурен СЕЙІТҚАЛИЕВ, Жастар таңдауы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:
-Әлде де бізге демеушілер керек. Соның ішінде біздің үлкен-үлкен компаниялар бар. Бір-екеуі келіп жатыр. Сонда да біз оларды аралап, оларды шақырамыз. Осы қайырымдылыққа өз үлестерін қосуға. Себебі, біздің облыста экология жақсы емес. Сондықтан, балалардың да денсаулығы оңбай тұр. Біз бәріміз балалардың сабақ оқып, адам болуына үлес қосуымыз керек.