Басты ақпаратЖаңалықтар

Қайтадан маскалық режимге көшеміз бе?

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі көбейгендіктен бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағанбетова жуықта арнайы қаулыға қол қойған еді. Онда көпшілікке қоғамдық орындарда бетперде тағу ұсынылған. Осыдан кейін атыраулықтар арасында түсініспеушілік туындады. Кейбір ата-аналар балаларымызды мектеп әкімшілігі міндеттеп жатыр десе, енді бірі мүлде хабарсыз болып шықты.

Осыдан кейін біздің түсірілім топ қаладағы бірнеше мектепке бас сұғып, мән-жайды білген еді. Мектеп басшыларының айтуынша, маска тағып жүру міндеттелмеген. Оқу процесі әдеттегідей жүріп жатыр.

Облыстық білім беру басқармасы басшылары да бұл қауесетті жоққа шығарды. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында білім беру мекемелеріне ұсыныс ғана беріліпті.

Ал, Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары COVID-19-дың таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймақтамыз, — дейді. Ресми мәліметке сүйенсек, қазір өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған  25 адам тіркеуге алыныпты.

Эпидемиологтардың айтуынша, ел бойынша эпидахуал Алматы, Астана және Шымкент қалаларында жақсы емес.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *