Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН

Caspian News, 19 наурыз. Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толған азаматтарға күтім жасайтын қамқоршыларға арнайы мемлекеттік қолдау көрсетуді ұсынды. Қазіргі жүйеде бұл санаттағы азаматтардың еңбегі ескерусіз қалып отыр.

Депутаттың айтуынша, бүгінде мүгедектігі бар ересек адамдарға қараумен айналысатын қамқоршылардың құқықтық мәртебесі анықталмаған. Олар тәулік бойы күтім жасауға мәжбүр болғандықтан, ресми жұмысқа орналаса алмайды, соның салдарынан еңбек өтілі жүрмейді және зейнетақы жинақтары қалыптаспайды.

Әділ Жұбанов дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенуді ұсынды. Еуропа елдерінде мүгедектігі бар жандарға күтім жасау — әлеуметтік маңызы бар жұмыс болып саналады. Қамқоршыларға арнайы өтемақы төленеді. Күтім жасалған жылдар еңбек өтіліне қосылып, зейнетақы жарналарын мемлекет төлеп береді.

Депутат бұл мәселені шешу үшін Үкіметке мынадай қадамдарды жасауды ұсынды:
* Мүмкіндігі шектеулі ересектердің қамқоршыларына арнайы мемлекеттік төлем тағайындау.
* Күтім жасау кезеңін ресми еңбек өтілі ретінде есептеу.
* Зейнетақы жарналарын мемлекет есебінен аудару.
* Қамқоршылардың мәртебесін әлеуметтік қорғау жүйесінде заңды түрде бекіту.

«Бұл тек қаржылай көмек емес, бұл — өз жақынына өмірін арнаған жандардың еңбегін мемлекет тарапынан мойындау және олардың ертеңгі күніне (зейнет жасына) кепілдік беру», — деді депутат.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *