Жаңалықтар

Қазақстанда баспана бір жылда қалай қымбаттады?

2018 жылдың желтоқсанында сатылымдағы баспананың шаршы метрінің бағасы 266 863 теңге болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. 2018 жылы (2018 жылдың желтоқсаны 2017 жылдың желтоқсанына қарағанда) жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары — 2,6 пайызға, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату — 2,4 пайызға, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 1,9 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 6 пайызға жоғары болды. Осылайша, жаңа баспананың шаршы метрінің орташа бағасы 266 863 теңге, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату — 185 965 теңге, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату шаршы метрі үшін 114 523 теңге болды. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алудың бағасы шаршы метрі үшін 1 384 теңгеге жетті.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *