Махамбет ауданына қарасты «Первомайский» шаруа қожалығындағы асыл тұқымды сиырлардың арасында ауру шығып, өліп жатыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қожалықтағы мыңға жуық мүйізді ірі қараның 180-ге жуығы өлген. Дегенмен, олардың 97-сін адалдап, етке өткізген. Қазір ауырған малдардан сынама алынып, Астана, Алматы қалаларындағы мал дәрігерлік ғылыми зерттеу орталықтарына жолданды. Сынама қортындысы жақын күндері белгілі болады. Дегенмен, жергілікті мамандар, сиырлардың шөптен уланғандығын айтады.
СЕРІК ЕРМЕНТАЕВ, Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз хатшысы:
— Тексерген кезде сиырлардың ағзасындағы зат алмасу процесінің айтарлықтай бұзылғандығы байқалды. Олар оқшауланып, қазір егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ірі қараға берілетін жем-шөптің құрамы да өзгертілді.