Енді атыраулықтар наркологиялық және психоневрологиялық диспансер анықтамаларын электронды нұсқада ала алады. Бұл құжат жұмысқа орналасу кезінде, жүргізуші куәлігі, сондай-ақ, түрлі лицензиялар алатын кезде қажет. Осыған дейін аталмыш қызметті медициналық ұйымның өзі тікелей қағаз түрінде жүзеге асырған. Ал қазір бұл қызмет электронды жүйеге ауысып, egov.kz порталында қолжетімді. «Осы арқылы азаматтар өз уақытын үнемдейді, себебі электронды форматта сұраныс жіберген кезде сол бойда жауабы түседі» дейді халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0