Атырау, Caspian News.
Атырау облыстық Перинаталдық орталығында шетінеген нәрестелердің көпшілігіне дұрыс диагноз қойылмаған. Сарапшылар қойылған негізгі клиникалық, патология-анатомиялық диагноздардың 15 %-ын ғана растап отыр.
Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мәлімдеді. «Өлім-жітім деректерінің 82%-ына, яғни көз жұмған 12 балаға бактериялды сепсис, 4 балаға басқа да диагноздар қойылды. Қыркүйекте 35 сәби өліміне қойылған диагноз сарапшылармен расталса, ал 65-і расталмады.
Сондай-ақ, сараптама нәтижесі перзентханада санитариялық-эпидемиологиялық тәртіпті сақталмауы себептіе қыркүйек айында ауруханаішілік инфекциялардың көбейгенін көрсетті. Бұл дерек мониторинг кезінде эпидемиологиялық тексеру нәтижелерімен расталыпты.