Атырау, Caspian News.
Бұл — «Лесхоз» ықшамауданындағы қос қабатты бірнеше үйдің тұрғындары. Айтуларынша, баспаналарының тозығы әбден жетіп, төбеден аққан жаңбыр суы мен жертөледегі кәріз суынан әбден запы болған. Ортадан қаржы шығарып, үйдің жыртық-тесігін қанша жерден жамап-жасқағанмен одан пайда болмай тұрған көрінеді.
