Карантин режимі орнағалы қалада тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғасы көбейген. Мамандардың айтуынша, төрт қабырғада ұзақ уақыт қамалу адамның шынайы бет-бейнесін көрсетеді. Сондай қиындыққа тап болғандардың бірі – Самал. Ол өзі емес, күйеуінің мінезі тым ауырлап кеткенін айтып шағымданды. Ал карантин жағдайды тіптен қиындатып жіберген көрінеді: жолдасы ішімдікке салынып, үй ішінде жанжал шығаруды әдетке айналдырған.
Самал, Атырау қаласының тұрғыны
-Біз үшін өте қиын. Бұған дейін әйтеуір жұмысқа барып келеді. Ішсе де, көп уақытта жұмыста болатын. Мына карантиннің кесірінен жұмысынан айырылып қалды. Енді үйде, еш нарсе істемейді. Жатады, уақытты қалай өткізерін білмей, ашуланып уже бізге тиісе бастады. Қатты шаршап кеттік, шыдай алмай қатты ұрды. Түнде милиция шақыруға тура келді.
ШарасыздықтанСамал тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының көмегіне жүгініпті. Дәл қазір мекеме жәбір көргендерді тікелей қабылдамаса да, телефон арқылы психолог пен заңгер кеңесін ұсынады. Карантин басталғалы мұндағы байланыс нөміріне 70 шақты қоңырау түскен.
Айбаршын ИМАНҒАЛИЕВА, Дағдарыс орталығы директорының орынбасары
-Біздің бөлімше елімізде ТЖ жарияланғаннан бастап, карантинге жабылды. Қазір бізде 4 қызмет алушы балалармен тұрып жатыр. Яғни барлығы 11 адам. Бөлімшеде 46-60-60 номерлі сенім телефоны жұмыс жасайды. Мамандардың барлық кеңестері тегін, әрі құпия түрде. Карантин басталғалы қоңырау шлулар әдеттегіден көп, бір қуантарлығы барлығы бірдей зорлық-зомбылық құрбандары емес, негізінен ТЖ кезінде төленетін жардемақылар жөнінде көп түсуде. Келіншектер психологтардан психологиялық көмек алуға тырысады.
Ал 102 нөміріне карантин енгізілгелі отбасылық жанжалдар мен қоғамдық тәртіпбұзушылыққа қатысты бес жүздей хабарлама түскен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, тәулігіне мұндай қоңыраулардың саны жиырмаға жуықтайды. Бірақ зорлық-зомбылық құрбандарының басым бөлігі өтініш жазудан бас тартып, полицейлерге жұбайымен сөйлесіп, қорқытып қоюды өтінетін көрінеді.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД ресми өкілі
-Олардың 136 б-ша Әқбк 73, яғни денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабымен хаттамалар рәсімделді. 107-і б-ша қорғау нұсқамалары шығарылды. Осы тізімдегілердің 114-і бұрын да отбасылық жанж.б-ша шағымданғандар.
Мамандар үйдегі зорлық-зомбылыққа бей-жай қарамауға кеңес береді. Егер мұндай жағдай көршілеріңізде орын алған болса, бірден полицияға хабарласқаныңыз абзал,- дейді олар.