Жаңалықтар

ТҰМАУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ

Дәрігерлер дабыл қағуда! Олардың айтуынша, биыл тұмаудың «Сингапур» және «Колорадо» деп аталатын жаңа түрлері пайда болған. Ал, онымен күресу үшін жергілікті қазынадан 53 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Яғни, бұл қаражатқа ресейлік өндірушілердің «гриппол+» деп аталатын вакцинасының 60 мыңнан астам дозасы сатып алыныпты. Биыл дәрігерлер облыс бойынша 90 мыңдай адамға екпе егуді жоспарлап отыр. Тегін вакцинамен бірінші кезекте жүкті әйелдер, жетімдер үйінің балалары, жүрек-қан тамырлары жүйесінің, тыныс алу мүшелерінің созылмалы түрімен ауыратын жандар және медициналық мекеме қызметкерлері қамтылатын болады. Сондай-ақ, вакцинаны әркім өз қалауы бойынша ақылы түрде мемлекеттік немесе жеке емханалардан да ала алады. Құны — 2500 мен 3500 теңге аралығында.

Ерболат УАЙСОВ, Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

— Жалпы аурушылық деңгейі орташа деңгейде болады деп күтіліп отыр. Дегенмен тұмау ауруы және тұмау тәрізді аурулар асқынуларымен қауіпті болып есептеледі. Өткен жылы тұмаудан 1 жүкті әйел қайтыс болды. Алдыңғы жылы тұмау тәрізді аурудан 2 жүкті әйел облысымызда қайтыс болды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *