Атырау облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы гид-экскурсоводтар курсын ұйымдастырып, шара өткізді. Мұнда шетелден келген және еліміздегі туризм саласының турменеджерлері қонақ үй, мейрамхана және мұражай қызметкерлеріне осы саладағы стандарттар, туризмнің экономикаға, экологияға, тұрмыс -тіршілікке әсер ететін ықпалы жайлы дәріс оқыды.
«Қаламызда іскерлік туризм жоғары деңгейде дамыған» дейді осы саланың мамандары. Бұл жағынан мұнайлы өңір республикада Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші орында. Биыл облыстағы ішкі туризм бойынша келушілер саны алты жарым мыңға, ал сыртқы туризм бойынша бес мың адамға өскен. Сондай-ақ, өңірдегі жеті мекен Қазақстанның киелі аймақтары қатарына енген.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0