Жаңалықтар

ТЕСТІЛЕУ ТӨРТ РЕТ ӨТЕДІ

2018-2019 оқу жылы түлектері үшін, Ұлттық бірыңғай тестілеу 4 рет өткізілмекші. Осы жылы енген өзгерістерге орай мектеп бітіруші түлектер қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында тестілеуден өте алады. Республика бойынша алғашқы ҰБТ қаңтар айының 15-20 күндер аралығында өткізіледі. Бұл тестілеуге облыс бойынша 2000-ға жуық түлек өз еркімен қатысуға өтініш білдіріп отыр. Бірінші айда тапсырған түлектер наурыз, маусым және тамыз айларында да қайта тестілеуден өтуге құқылы. Бұдан өзге, Ұлттық бірыңғай тестті 3 тілде тапсыру мүмкіндігі бар. Дегенмен, тестілеудің форматы еш өзгеріссіз қалады. Ұлттық тестілеу орталығының мамандарының айтуынша, түлектер жылдағыдай 3 негізгі пән және 2 таңдау пәні бойынша сынақтан өтетін болады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *