Атырау, Caspian News.
Атыраулық кәсіпкер мұқтаж жандарға көмек көрсету орталығын ашты. Мұнда халықтың әлеуметтік осал тобы киім-кешек пен азық-түлікке тегін қол жеткізе алады. Көмек алу үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын және балалардың туу туралы куәлігі, ал мүгедек болған жағдайда – растайтын құжаттары және мекенжай анықтамасын ала келсе болғаны. Айгүл Сүлейменова — жалғызбасты, әрі көпбалалы ана. «Алты баламды аш қалдырмауға қанша тырысқаныммен, киім-кешекке келгенде, едәуір қысылып кетемін» дейді келіншек.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0