Үш күн бойы күллі атыраулықты алаңдатқан Әли өлі күйінде үй маңындағы кәріз құдығынан табылды. Баланың денесі күнделікті пайдаланылып жүрген емес, қоқысқа лық толы ескі септиктен шыққан. Еріктілер оған сәбидің құлап кеткеніне күмән келтіріп отыр.
Динара ЖОЛАМАНҚЫЗЫ, тілші
—Бұл жерге келген әр ерікті құдықтың бетін ашып қарауға мүмкіндік алған. Бірақ, құдықтың ішіндегі 5 бөшке қоқыстан, баланың денесін байқай алмапты.
СНХ: Олжас СҰЛТАНОВ, ерікті
- Мен келгенде неге вообще күмәнім болмағаны бәрі жабық тұрды. Оған дейін 10 адам оны ашып жауып кетті. Оны текБасында келгенде септик бәрі жабық тұрды. Ашып қарағанда ішінде мусор толып тұрды. Басында ой болды, дене болатын болса, бетіне шығадығо деген. Себебі аз-маз су болды ішінде. Бұл не септик деп сұрағанда бұрынғы септик деді. Анда әрбір адам түсе алмайды. Арнайы маман түспесе. (Бала қалай жатты?) Астында жатты, түбінде вообще. Мың адам келдіғо, ешкімге ешқандай кедергі болған жоқ. Бәрі келіп бәрін ашып қарады.
Еріктілердің қай-қайсысын да осы сұрақ мазалайды. Себебі құдықты алғашқы болып ашқандар оның тым ауыр заттармен басулы болғанын айтады.
Ерікті
—Кішкентай бала оны ашып кіре алмайды. Ешқандай тесік жоқ болды. Қалай ол?Одан кейін неше рет келдік. Балдар сол жерде бетін әзер көтеріп ашты.
Әзірге баланың құдықтан қалай табылғаны белгісіз. Марқұм болған сәби бұған дейін сол маңдағы тұрғын үйдің бақылау камерасына түсіп қалған еді. Бейнежазбадан келесі көшеге беттеген балақайды анық байқадық дейді куәгерлер. Бірақ қалғаны полицейлердің еншісінде.
Әділхан БАЙДОСОВ, Атырау облыстық ПД бастығының орынбасары
- Қазір оқиға орнында жедел тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесі қосымша қабылданатын болады. Яғни мед.сот сараптамалары өткізіледі. +Қылмыстық іс бала жоғалған кезде қозғалған болатын. Іздестіру бойынша. Зерттеу жұмысы аяқталғасын, сараптама қорытындысы сәйкес іс қозғалады.
Дүйім жұртты дүр сілкіндірген оқиғаға мыңдаған атыраулық жұмылдырылды. Олардың қатарында органдар қызметкерлерімен бірге еріктілердің де ерекше атсалысқандығын айтқан жөн. Жұдырықтай жұмылған жұртшылық періштенің аман табылатындығына сонша үміттенген еді. Өкінішті…