Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛАДЫ

Биыл мектеп түлектері сәнді көйлек кимейді, қымбат лимузиндерге мінбейді. Тек 3-4 маусым күндері білім ошағының ауласында өтетін салтанатты жиынға қатысады. Бұл министрліктің эпидемиялық жағдайға байланысты қабылдаған шешімі. Сондықтан облыстағы 5 мыңнан астам түлектің алтын ұямен қоштасу рәсімі жылдағыдан өзгеше болмақ. 

Күмісай ӘБУОВА, Атырау облыстық білім беру басқармасының бас маманы

  • Мереке аясында салтанатты түрде аттестаттар табысталады. Және мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады. Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық алаңда, қонақтарсыз, тек мектеп бітірушілер мен ата-аналардың қатысады. +  Бұл іс-шарада түлектер міндетті түрде маскамен, мектеп формасымен барлық  санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.+Яғни арақашықтығы 1-1,5 метр болуы керек.

Ал 25 мамыр күні 1-10 сыныптар үшін соңғы қоңырау онлайн соғылады. Сағат 10:00-де телеарналар арқылы Білім және ғылым министрі мен облыс басшылығының  құттықтауы көрсетіледі. Одан бөлек түрлі сюжеттік көрсетілім әзірленуде,- дейді білім басқармасындағылар.

Оқи отырыңыз...

KPI КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

Аққыстаулық мұқтаж отбасыға пәтер сыйламақ

«КҚК-Қ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕНБІЛІКТЕ 1500 КӨШЕТ ЕКТІ