Соттар спартакиадада. Шаhарда аталған саланың мамандарының қатысуымен волейболдан жарыс өтті. ҚР Судьялар одағының Атырау облыстық филиалы ұйымдастырған сайысқа өңірдегі сот қызметкерлерінен құырлған 15 топ өзара бәсекеге түсті. «Бұл — жыл сайын өтетін дәстүрлі спартакиада. Осындай шара арқылы сот билігінің өкілдері тек сот төрелігін жүзеге асырумен шектелмей, қоғамдық өмірге де белсене қатысатынын көрсеткіміз келеді» дейді ұйымдастырушылар. Ойын қорытындысы бойынша, волейболдан экономикалық соттардың құрамасы бас жүлдені, ал Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің күміс жүлдені жеңіп құрамасы алды. Үшінші орынға мамандандырылған соттар құрамасы ие болды.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0