Басты ақпаратЖаңалықтар

СЕЙСМОЛОГТАР БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ ОШАҒЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Алматы облысындағы жер сілкінісі Қытай мен Қырғызстан шекарасына жақын маңда болған дүмпудің тербелісі. Мамандар сейсмикалық стансалардың аз болуынан оны болжай алмадық дейді. Бүгінде елімізде 70 сейсмостанса бар. Оның біреуі Индер ауданындағы Индербор кентінде орналасқан. 2022 жылы іске қосылған құрылғы жер сілкінісі туралы ақпаратты Алматы облысындағы стансаға жібереді. Ал, жергілікті құтқарушыларды зілзала туралы алматылық сеймологтар хабардар етеді.

Бұған дейін марқұм ғалым Мүфтах Диаров Атырау облысында техногендік жер дүмпуі болуы мүмкін екендігін айтқан еді. Еліміздегі Сейсмология институтының мамандары да Қазақстанның батыс аймағында жер сілкінісінің ошақтары тіркелгендігін айтады.

Атырау мен Маңғыстау облысының шекарасында 4,9 балдық жер дүмпуі былтыр ақпан айында тіркелген еді. Volcanodiscovery порталының дерегіне сүйенсек, жер-ана соңғы рет біздің аймақта 4 ай бұрын Құлсары қаласынан 82 шақырым жерде сілкініпті. Магнитудасы 3,6 балл ғана.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *