Жаңалықтар

СЕБЕБІН АНЫҚТАП ЖАТЫР

Атырауда мамандар тоннадан астам балықтың не себепті қырылып қалғандығын анықтап жатыр. Бастары кесіліп, денелері екіге бөлініп қалған қара балықтардың бір бөлігі зерттеу орталықтарына жіберілсе, қалғаны сараптама қорытындысы шыққанша арнайы жерде сақтала тұрмақ.

Дегенмен, тиісті орындар балық қорына келген шығынды есептеп үлгеріпті – 1 миллион 100 000 теңге. Қырылып, жағада шашылып жатқан табан мен айнамкөз, қылышбалық пен мөңке балықтарын әуелі қала сыртындағы «Перетаска» ықшам ауданының тұрғындары байқап, әлеуметтік желіге салған. Оқиға «Атырау Жылу Электр Орталығының» сору стансалары орналасқан өзекте болыпты. Балықтың ол жерге қалай келгені белгісіз. Аталған монополисттің техникалық қажеттіліктер үшін Жайық өзенінен күндіз-түні су алатынын және ол судың осы өзекке құйылатынын ескерсек, балықтардың өзеннен тікелей келуі әбден мүмкін. Бірақ, бұл әзірге жорамал ғана.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *