Жаңалықтар

САҚШЫЛАР САҚТАП ҚАЛДЫ

Атыраулық сақшылар балаларды өрттен қалай аман алып қалғандықтарын айтып берді. Жол-патрульдік батальонының қос қызметкері : кіші лейнетант Алан Тұрланов пен кіші сержант Талғат Өтешқалиев өздеріне тиесілі аумақты аралап жүріп, Авангард ықшам ауданындағы үйлердің бірінің бесінші қабатындағы пәтерінен түтін шығып жатқандығын байқапты. Бірден сол жаққа жүгірген тәртіп сақшыларының айтуынша, қою қара түтін төртінші қабатқа дейін жетіп үлгеріпті.

Талғат Өтешқалиев, учаскелік полиция қызметкері:

— Төртінші этажға бастап көтерілген кезде қара түтін болды, көз көрмей, подъездің ішінде қара түтін болды. Жоғарыға көтеріліп, ашық тұрған есікке кірдік. Ішінде әйел адам, үш баласы бар екен. Абдырап-сасқалақтап, есік таба алмай жүр, соларға көмектесіп, үш баланы бірге алып шықтық.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *