Атырауда сапасыз тауарлар сатқан кәсіпкерлік субьектілері өткен жылы мемлекетке 5 миллион теңгеге жуық айыппұл төлепті.
Яғни, олар техникалық регламент талаптарын бұзған. Яғни, тұрғындар көбіне балаларға арналған тауарлар мен ойыншықтардың және косметикалық бұйымдардың сапасыздығына шағым түсіріпті. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерлің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандары айтып отыр.
Айым ОҢАШАЛИЕВА, Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы 0003
—2019 жылы өнімнің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг шеңберінде Атырау облысының 648 сауда нысандарынан 3 127 өнім сатып алынды. Олардың 429 отандық өнім, 2 148 ЕАЭС өнімі және 550 өзге ел өнімдері. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша, сатып алынған өнімнің 988-і техникалық регламенттер талаптарына сәйкес емес екендігі анықталды. Сәйкессіздіктердің негізгі үлесін импортталған өнімдер 89 пайызды құрайды, ал отандық тауарлардың сәйкессіздігі 11 пайыз.