Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

«ПРОРВА» ЖӘНЕ «АСТРАХАНЬ» ЛАГЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰЖАТТАР ЕЛГЕ ЖЕТКІЗІЛДІ

Қуын сүргін және ашаршылық құрбандарына құрмет көрсетпек болған исатайлықтар ертемен Аққыстау ауылындағы ардагерлер саябағына жиналды. Мұнда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналып, екі ескерткіш орнатылған. Жиналғандар гүл дестелерін қойып, жазықсыз жапа шеккендерді бір сәт үнсіздікпен еске алды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрғайша Әбежан айдауға кетіп жат жерде қалған, солақай саясат кесірінен аштықтың зардабын тартқан азаматтарды еске алу, келер ұрпаққа бағасын бағамдай білуге үйрету — бүгінгі буынның парызы деді. Іс-шара «Жалын» мәдениет үйінде жалғасты. «Сарайшық» мемлекеттік тарихи мәдени музей қорығының қызметкерлері ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерінің тарихынан хабар беретін көшпелі көрме ұйымдастырыпты. Бұл лагер күні кешеге дейін түрме аталып, оған қатысты құжаттар Ресей жерінде сақталған.
Толығырақ https://fb.watch/k-T89gi9nZ/

Оқи отырыңыз...

ОБЛЫС ӘКІМІ СЕРІК ШӘПКЕНОВ «САҒЫЗ» АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АТЫРАУДА АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ҚОЛӨНЕРШІЛЕРДІҢ КӨРМЕ-БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТА 11 МЕКТЕПКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖАСАЛЫП ЖАТЫР