Биылғы жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президенттік сайлау өтеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев мәлімдеді. Ол мұндай жауапты шешімді қабылдамас бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен Парламенттің қос палата спикерімен және ҚР Премьер-министрімен кеңескенін айтты. Айта кетейік, елімізде кезектен тыс президенттік сайлау соңғы рет 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен еді. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 97,7 пайыз дауыс жинаған болатын.
Президент Қасымжомарт Тоқаевтың бүгінгі мәлімдемесі жергілікті кәсіпкерлер тарапынан қолдау табуда. Атырау қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Семғалиевтің айтуынша, «президенттік сайлау елімізде саясат пен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін сайлаудың бірі».
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0