Жаңалықтар

ПАРА – БАСТЫ ТАҚЫРЫП

Шенеуніктер шайлығар емес! «Жемқорлыққа жол берілмейді, пара алмаймыз» деп жарияға жар салғанымен жергілікті мемлекеттік қызметшілердің дәл осы жағынан ұятты болып тұрған жайы бар. Өйткені, олардың қатысуымен жыл басынан бері 30-дан астам жемқорлық сипаттағы қылмыс жасалған. Бірақ, олардың бәрі емес, тек 13 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылып, 10-ы сотталған. Бұл туралы «Шенеуніктердің қатысуымен жасалған қылмыстық істердің себебі» туралы қала, аудан, облыстық басқарма басшыларымен өткізілген жиында айтылды. Баяндамашыларға сенсек, мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлыққа жол бермеуінің алдын алу мақсатында «Парасыз – болашаққа бірге!» деп аталатын мобильді жоба іске қосылған. Оның көмегімен 40 мыңға жуық адамды қамтитын 320 ұжымға үгіт-насихат жұмысы жүргізіліпті.

Марат БЕКСҰЛТАНҰЛЫ, мемлекеттік қызметкер:

Бүгінгі шара маңызды деп есептеймін. Себебі, сыбайлас жемқорлықтың індет екендігі айтылды. Осындай отырыстар молынан болатын болса, мемлекеттік қызметкердің ойына ой салады деп ойлаймын. Сыбайлас жемқорлыққа жұмыс қарқынды жүруде.
КСМ: Айта кетейік, еліміздегі жемқор шенеуніктер Қазақстанның қазынасын 3 миллиард 180 миллион теңгеге шығынға батырыпты. Дегенмен, бұл соманың 3 миллиардтан астамы өндіріліп алынған көрінеді.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *