Жаңалықтар

ОТБАСЫНАН АЙЫРЫЛЫП ҚАЛА ЖАЗДАДЫ

Атырау, Caspian News.

Ащы суға сылқия тойып алып, көлік тізгініне отырған  жүргізуші жауапсыздығының кесірінен  отбасынан айырылып қала жаздады. Көлік ішінде  1986 жылы туылған жүргізушіден бөлек,  оның  жұбайы мен  7, 4 жасар  екі  баласы болған.  Мас жүргізуші әйелі мен балаларының көлікті тоқтату туралы  өтініштеріне еш құлақ аспаған. Осылайша Азаттық көшесінің бойымен қозғалып келе жатқан  Тойота Хайс  автокөлігі Әуезов бойындағы айналмалы жолда  өзімен бір бағыттағы Ниссан автокөлігін түйіп өтіп, жол шетіндегі көкөніс павильонына соқтығысады.   Оқиға 29 наурыз күні  болған.  Полиция департаментінің мамандары  осы жол-көлік оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *