Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасында жаңа басшы. Бұл қызметті осыған дейін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры лауазымында болған Нұрлыбек Қабдықапаров уақытша атқарады. Нұрлыбек Рысқалиұлы Атырау облысының тумасы, негізгі мамандығы дәрігер-педиатр. Еңбек жолын 1994 жылы Атырау қалалық балалар емханасында дәрігер-анестезиолог, реаниматолог болып бастаған.​ ​2003-2005 жылдары Атырау қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Ал соңғы жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерді төлеу комитетінде әртүрлі лауазымда еңбек етті. 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *