Жаңалықтар

НҰРСАЯДА МҮГЕДЕКТЕРДІ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Нұрсая мөлтек ауданында мүгедектерге арналған спорттық-оңалту орталығы ашылды.

Орталықтың негізін қалаушы Ілияс Үсенов «Теңізшевройл» компаниясы ұйымдастырған «Жарқыра» жобасы аясында ақшалай сыйлыққа ие болған. 4 жыл бұрын оқыс оқиға орын алып Ілияс Үсенов 8 метрлік биіктіктен құлап, омыртқасы сынып, жұлынына зақым келген. Ол бір жыл бойына төсекке таңылып жатқан. Үміті үзілер шақта, бар күш-жігерін қолына алып Алматы мен Талдықорғандағы оңалту орталықтарына барып көрген. 3 ай бойына төгілген тер мен атқарылған еңбек оң нәтижесін бере бастады. Атыраудағы спорттық-оңалту орталығын ашудағы басты мақсат, өзі сияқты жандарға үміт сыйлау, олардың өмірге деген құштарлығы мен құлшынысын арттыру.

Нұрсаяда арбаға таңылған 100-ден астам мүгедек бар. Сол себепті де спорттық-оңалту орталығы дәл осы ауданнан ашылған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *