Жаңалықтар

МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНА МАМАН ҚАЖЕТ

Мұнай-газ саласында маман тапшы. «Қара алтынды» игеретін отандық кадрлар жетіспейді. Бұл туралы республикадағы мұнай-газ саласының өкілдері бас қосқан форумда айтылды

. Сарапшылардың айтуынша, білім-біліктілігі жеткілікті жастар өздеріне оңтайлы жағдай жасалмауы себепті шетел асып жатқан көрінеді. Мысалы, өткен жылы техникалық бағытта жоғары білім алған 11 мыңнан астам қазақстандық маман өзге мемлекеттердегі жағдайы жақсы, жалақысы жоғары қызметке кеткен.

Сондықтан, оқу бағдарламасына жаңаша көзқараспен қарап, тереңдетілген заманауи әдіс-тәсілдер енгізу керек, — дейді осы саланың мамандары.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *