Шортанбай балық өңдеу зауытын модернизациялау жобасы аясында жаңа цехтар салынады. Нәтижесінде зауыттың қуаттылығы 96 мың тоннаға артып, жылына 5 млн консерві дайындайды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазір зауытта мұздату цехы жұмыс істеп тұр. Ал ескірген ғимараттар толық бұзылып, балық өңдеу жұмысы уақытша тоқтатылған. Модернизациялау жобасы баясында зауыт аумағында балық қабылдау және мұздату, консервілеу, қақтау, тұздау, қаптау, уылдырық және филе дайындау, сондай-ақ механикалық цехтарды қамтитын 11 ғимарат салынбақ. Сондай-ақ, қойма мен көліктерге арналған ангарлар және мұздатылған балықты сақтайтын, тұздалғанын кептіретін орын да қарастырылған. Модернизациядан өткен балық зауыты 2025-жылдың аяғында іске қосылуы тиіс.
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0