Жаңалықтар

МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫ МӘЗ ЕМЕС

Бұл – апатты жағдай кезіндегі абыр-сабыр емес. Бар болғаны – қаладағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған техникалық гимназия оқушыларының есікке сыймай, бір-бірін таптап өтердей болып, сабаққа асыққан сәті ғана. Жағдайдың осыншама ушығуына – мұнда оқитын балалардың тым көптігі себеп. Өйткені, небары 624 орындық мектепте қазір екі мыңнан астам оқушы білім алып жатыр.

Қаладағы ең үздік саналатын гимназиялардың біріндегі жағдайдың осылай болуына білім бөліміндегілер ата-аналардың өздерін кіналап отыр. Өйткені, баласын осы гимназияда оқытқысы келетіндер өте көп. Және бұл мәселе көп ұзамай шешілмек.

Ал, әлеуметтік желіде тарап кеткен мектеп ішіндегі айқай-шуды былай деп түсіндірді.

Алмабек АБДОЛОВ, Атырау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

-Кешегі күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты ата-аналар бұрындары сыртқа келіп, сырттан күтетін болған. Ал ауа-райының қолайсыздығына байланысты барлығы ішке қарай кіріп кеткеннен кейін ана жерде шығып жатқан балалар 40-35 бала, бір сыныптың оқушылары …

Ендеше, сыныптардағы баланың көптігіне шағымданған ата-аналардың ауа-райының қолайлы болуын және жаңа мектеп құрылысының тезірек бітуін тілеуден басқа әзірге амалдары жоқ секілді. Ал, қолда бар мәлімет бойынша, қазір қаладағы 13 мектептегі жағдай осындай. Олар жоспар бойынша 7 мыңнан астам оқушыға лайықталғанымен, қазір 24 мыңға жуық оқушыға білім беріп жатыр. 20 мектеп салынуы тиіс делінгенімен, олардың бесеуінің ғана құрылысы басталды. Жыл соңына дейін тапсырылатыны екеу ғана. Сондықтан бұл мәселенің нақты қашан шешілері әзірге белгісіз.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *