Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

МЕЙРАМХАНАЛАР АШЫЛДЫ

Мейрамханалардың есігі айқара ашылды. Қала тұрғындары сүйікті орындарына қайта бара алатындары үшін қуанулы. Айтуларынша, бұл күнді  асыға күткен.

Любовь ГОВОРОВА, қала тұрғыны

-Өте қуаныштымыз. Қалағанымызша сыртқа шығып, тамақтанатын мүмкіндік туды. Балалар да мәз-мейрам. Карантин режимінің жеңілдетілгені де дұрыс шығар, өйткені еркін тыныстап, қыдыруға да болады. Енді қауіпсіздікке келер болса, оны сақтау шарт.

Карантинге дейінгі мерекелерде зор табысқа кенелуді көздеген мейрамхана басшылығы жоспарының жүзеге аспай қалғанына налиды. Қазір табыс көзі 80 процентке дейін түсіп кеткен. Жұмыстан қысқартылғандар да жетерлік.

Мира ГИВОРГЯН, мейрамхана менеджері

-Күнделікті табыс мөлшері төмендеп кеткендіктен, қызметкерлеріміздің 15 процентін қысқарттық. Қазір 7-8 адам жұмыс істейді. Енді мейрамханамыз қайта жанданғандықтан, бұрынғы қалыпқа келуді қалаймыз. Басты назарды жеткізіп беруге қойып отырмыз. Өйткені барлығының отбасы, бала-шағасы бар. Жұмысшыларды қысқартпауға тырысып бағудамыз.

Мұндағы жұмысшылар санитарлық талаптарды сақтай отырып тәулігіне 12 сағат қызмет етеді. Әдетте күніне 80 адамды қабылдайтын олар енді 30-ымен  ғана шектеліп отыр. Ал келушілерін сағынған мейрамхана әкімшілігі халықтың жағдайын ойлап ас мәзірінің бағасын сол күйі қалдырған. Алайда дағдарыспен бетпе-бет келгендіктен, мемлекет тарапынан қолдау күтеміз,- дейді кәсіпкерлер.

Оқи отырыңыз...

Елде жаппай митинг өтті. Нұр-Сұлтан мен Алматыда 80 адам қамалды

«Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

Атырауда көлікті мас күйінде басқарған полицей 15 тәулікке қамауға алынды