Маңғыстауда Каспий теңізінің жағалауындағы 3,5 мың гектар жер заңсыз сатылып кеткен. Қазір жергілікті прокурорлар нарықтағы құны 30 млрд.теңге тұратын жер учаскесін мемлекетке қайтару үшін жұмыстанып жатыр.
«Кендірлі құмқайыры» деп аталатын аумақ осыдан 17 жыл бұрын өңірдегі мұнай компанияларының біріне сауықтыру кешенін салу үшін беріліпті. Ал, кәсіпорын оны жеке тұлғаға 3,3 млрд теңгеге заңсыз сатып жіберген көрінеді. Экономикалық сот екі арадағы келісім-шартты жарамсыз деп таныды.
Жалпы «Кендірлі құмқайыры» деп аталатын учаске оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырымға созылатын аумақты алып жатыр. Облыстың басты көрікті жерлерінің бірі болып табылады. Нарықтағы қазіргі бағасы 30 млрд теңгеден асады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0