Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 10 АДАМ ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЗА ТАПТЫ

Республикалық трассаның жиегінде осылай тұрған патрульдік полицейлерді көргенде жүргізушілердің жүрегі дүрсілдеп қоя беретіні жасырын емес. Алайда, олар жол ережесінің сақталауын ғана қадағалап қоймайды, қауіпсіздік туралы ескертіп те жатады. Себебі, республикалық трассадағы жол-көлік оқиғалары көп жағдайда қайғылы аяқталып жатады. Биылдың өзінде 9 жол апаты тіркеліп, 10 адам қаза тапты.

Полицейлер қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында 5-29 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» профилактикалық рейдін ұйымдастырып жүр. Іс-шара басталғалы бері жол ережесін бұзған 8 мың жүргізушіге хаттама толтырылған.

Патрульдік полицейлер жүргізушілерге құжаттарды түгендеп және көлікті уақытылы тексертіп, жөндеуге кеңес береді. Сондай-ақ, адам өмірінің қашан да қымбат екендігін ескертеді.

 

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ЖОЛ АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН 3 АДАМ ТІКҰШАҚПЕН ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА БЕСТЕРЕК АУЫЛЫНДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ЖОЛ АПАТЫНА ҚАТЫСТЫ СОТ БАСТАЛДЫ