Басты ақпаратЖаңалықтар

Маңғыстауда бір топ оқушы мүгедек жасөспірімді соққыға жыққан

Анасы кінәлілердің жазалануын талап етуде. Оқиға 20 қаңтар күні Қарақиян ауданы, Құрық ауылында болды. Он шақты жасөспірім көшеде 14 жастағы ІІІ топ мүгедегіне шабуыл жасап, оны соққыға жыққан.

Оқиға туралы жәбірленушінің анасы Әсем Рахымбердиева айтты. Оның сөзінше, бір топ жасөспірім оның 14 жастағы ұлын себепсіз ұрып-соққан. Сонымен қатар, полиция істі дұрыс тергемей отыр.

«Менің балам екінші дәрежелі эпилепсиямен ауырады. Оған 14-15 жастағы жігіттер себепсіз шабуыл жасаған. Таяқ жеген ұлым үйге келіп, бәрін айтып берді. Мен жедел жәрдем мен полиция шақырдым. Күдіктілерді бейнебақылау камералары арқылы таптық», — дейді Әсем Рахымбердиева.

Зардап шегуші Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жіберілді. Оның миы шайқалған, денесі сыдырылып, гематомалар мен көгерулер тіркелген. Жасөспірім әлі де дәрігерлердің бақылауында.

«Мен полицияға арыз жаздым. Күдіктілер белгілі, олардың жеке тұлғалары анықталды. Алайда қылмыстық іс әлі қозғалмай, полиция мен аудандық прокуратура әрекетсіз, қылмыскерлерді паналап жатыр. Күдіктілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот-медициналық сараптама әлі тағайындалған жоқ. Соққыға жыққан оқушыларының ата-анасы маған хабарласпады», — дейді жәбірленушінің анасы.

Әсем Рахымбердиева құқық қорғау органдарынан бұл іске жіті назар аударып, кінәлілердің заң аясында жазалануы үшін істі сотқа жеткізуді сұрайды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *