Жаңалықтар

МАҚСАТСЫЗ ЖҰМСАҒАН

Мақат ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану дерегі анықталды. Нақтырақ айтқанда, «Бәйге Төбе» селолық округі әкімдігі ғимаратының құрылысын салу бойынша тиісті тараптардың арасында келісім-шарт жасалып, мердігер мекеме жұмысты жүргізуді өз міндетіне алған. Кейін серіктестік директорының орынбасары құжатта көрсетілген қызметтердің орындалмағанын біле тұра жалпы соммасы бес млн теңгеге жуық жұмыстардың атқарылғандығы туралы қол қойып жіберген. Және бұл құжаттарды Мақат аудандық құрылыс бөліміне тапсырыпты. Аталған дерекке байланысты азаматшаның үстінен Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *