Жаңалықтар

Мақат тұрғындары жанар-жағармайдан тапшылық көріп отыр

Мұнайлы аудан саналатын Мақат кентінің тұрғындары бір жылдан бері жанар-жағармайдан тапшылық көріп отыр.

Өйткені, аудан орталығында бірде-бір бекет жоқ. Айтуларынша, жүргізушілер 40 шақырым жердегі Доссордағы жанар-жағар май бекетіне баруға мәжбүр. Оған барып-қайтудың 70-80 шақырым болатындығын ескерсек, табысымыздың көп бөлігі жол шығынына кетеді, -дейді олар.

Қуат ШӘКИЕВ, Мақат ауданының тұрғыны

Ауыл арасында таксиде жүремін,жұмыста жоқпын++қазір Доссорға барып жүрміз. Былай қарасан расход есептегенде бәрі сол бензин +++ бірақ дым ұтпаймыз.

Марғат МӘЖЕНОВ, Мақат ауданының тұрғыны

Бұрын 1-2 болды, қазір біреуі де жоқ соның, ең бастысы осы Қазимұнайгаздыкы еді, бір жыл болды бұл да жабық тұр. Не себепті қалай жабылды, біз қала тұрғындары білмейміз. Бір жыл бойына жабық тұру дегенді мен түсінбеймін. 35 мың халқы бар. Ауыратынызы бар, сырқайтынымыз бар, скорый щақырсақ та. Тентіреп жүрміз бір жылдан бері.

Тұрғындар аудан басшылары мен жанар-жағар май бекеттерінің басшыларына жағдайды түзетуді сұрап, бірнеше рет арыз жазған. Бірақ, әлі күнге дейін нәтиже жоқ.

Жиналғандардың талабын тыңдағылары келмеді ме, әкімдіктен ешкім бой көрсете қоймады. Көшеде бір сағат бойы сенделген жұрт ақыры аудан басшыларының алдына өздері барды. Аудан әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, бұл жағдай оның да жанына қатты батып жүр екен.

Шәкир КЕЙКІН, Мақат ауданының әкімі

Бұл мәселе күрделі болғандықтан басшылардың өзін халықтың алдында, бұқаралық ақпарат алдында айтсын және соны мүмкіндігіне қарап тез арада орындасын деп талап қойып отырмыз.

Әрі қарай жергілікті әкімдік ғимаратында жалғасқан жиынға кейбір жанар-жағар май бекетінің иелері де қатысты. Олар бекеттердегі резервуарларды ауыстыру үшін бірнеше мәрте тендер жариялағанмен, жеңімпаз табылмағандығын, сол себепті қазір жұмыс жасамай тұрғандығын айтты. Бірақ, жуықта бұл мәселе шешілетін көрінеді.

Аққали ДҮЙСЕМБАЕВ, ЖШС басшысының орынбасары

3 ақпан күні договорга қол қойылып, Мельсэн Инженеринг компаниясы ұтып алды, енді екі айдың ішінде, Бірінші Мақат кентінен бастаймыз, екі айдың ішінде жайлап-жайлап

Қысқасы, бір жылға жуық уақыт бойы шешілмей келе жатқан проблема енді жойылады. Тек қырқына шыдаған мақаттықтардың қырық біріне де шыдамдылық танытуларынан басқа амалдары жоқ секілді.

Жанат Молдашева, Ақылбек Кертаев КН

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *