Мақатта “Атырау жарық” АҚ қызметкері қызмет бабында қаза тапты. Оқиға 21 маусым күні түстен кейін Алаш көшесіндегі қосалқы трансформатор станциясының маңында болды. Сол жерде 60 жастағы электромонтерді тоқ ұрған. Оның қасында болған тағы бір қызметкер қазір Мақат ауданының орталық ауруханасында жатыр. Жағдайы бірқалыпты, — дейді дәрігерлер. Осы жағдайдан кейін «Атырау жарық» АҚ басшылығы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына оқиғаның болғанын хабарлаған. Тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Толығырақ https://fb.watch/lp7O6XJakv/
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0