Басты ақпаратЖаңалықтар

КPI КОМПАНИЯСЫ ЭНЕРГОРЕСУРСТАРДЫ БАРЫНША ҮНЕМДЕУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

98 пайыз таза пропаннан полипропилен дайындайтын КPI компаниясы шығарындыларды бақылайтын техникалық жүйемен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, кәдеге жарату қазандығында азот оксиді мен диоксидтерін азайтуға арналған каталитикалық жүйені, көміртек тотығы, көмірсутек сияқты газдарды бақылап отыратын анализатор бар. Мұны әлемдегі заманауи технологиялармен жұмыс істейтін 5 компанияның бірі, еліміздегі жалғыз газ-химиялық кешеннің басқарма төрағасы Данияр Тиесов «Атырау экология диалогы: Қоғам және өнеркәсіп. Қоғам игілігі жолындағы серіктестік» тақырыбында өткен конференцияда айтты.Оның айтуынша, зауыттағы жоғары және төмен қысымды алау жүйелері атмосфераға жіберілетін шығарындылардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Компаниядағы мамандардың сөзінше, зауыт мұржасынан шығатын газ алауы зиянсыз. Оның құрамы тұрмыста пайдаланатын газбен бірдей. Яғни, пропанның құрамында күкірт пен күкіртті сутек жоқ. Ол жанған кезде ауаға тек қана көмірқышыл газы мен су газы бөлінеді.
Толығырақ https://fb.watch/l5ZcKmjooI/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *