Жаңалықтар

Көрісу күніне орай қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдайды

14 наурыз – Көрісу күніне орай, қалалық әкімдік тұрғындарға сый жасамақшы.

Яғни, қоғамдық көліктер қалалықтарды тегін тасымалдайды. Шахар басшысы Қайрат Оразбаевтың ұсынысын автопарктер де қолдап отыр. Әзірге бәрі емес, біреуі ғана. «Атырау-Автопарк» ЖШС-не қарасты №2, 4, 8, 12, 21, 22, 30а, және 65-ші бағытта қатынайтын автобустар халықтан жолақысын алмайды. Ал, қалған автопарктермен келісім жасалып жатыр.

Айта кетейік, 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай да, атыраулықтарға автопарктер атынан осындай сый жасалған болатын.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *