Жаңалықтар

КӨПТЕН КӨМЕК СҰРАЙДЫ (видео)

Светлана Каписова – көп балалы ана. Екі қыз бен екі ұл тәрбиелеп отыр. Үлкені – 12-де, ал кішісі 2-ге енді толады. Басында баспанасы жоқ болғандықтан, қазір көлік жөндеу орталығының екінші қабатында тұрып жатыр.

Светлананың сөзіне сенсек, азаматтық некедегі күйеуі кенже ұлы дүниеге келгеннен кейін отбасын бұларды тастап кетіпті. Балаларға қарайтын адам болмағандықтан, жұмысқа да шыға алмай отырған көрінеді. Бөлек тұратын өзінің анасы мен бірге туған бауырының жағдайы да айтарлықтай емес.

Светлана тұрып жатқан көлік жөндеу орталығындағы мына бөлме таза әрі жинақы болғанымен, қолайсыз. Жунып-шайыну үшін суды даладан тасуға тура келеді. Орталық ашылмайынша, ол да жоқ. Ай сайынғы пәтерақы құны – 45 000 теңге. Өткен жылы 100 000 теңге көлемінде АӘК алып отырғаннан кейін оны төлеу қиынға соқпапты. Ал қазір заңға өзгеріс енгізілгеннен кейін, одан қағылып отыр. Кіріс көзі — көпбалалы ана ретінде берілетін 42 500 теңге жәрдемақы ғана.

Қысқасы,Светлана Каписова қайырымды жандар көмек қолын созса дейді. Қазір ол тұрақты тіркеу мен азық-түлікке мұқтаж. Светланаға көмектесемін дейтін жандар болса, оның байланыс нөмірін біздің арнамыздан ала аласыздар. Айтпақшы, келіншек пәтер кезегінде тұр. Бірақ, оны әзірге алмайтын секілді. Өйткені, алдында өз кезегін күтіп тұрған 1 300-дей тұрғын бар.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *