Жаңалықтар

Кім кінәлі?

Косметологиялық қызмет көрсетеміз деп, атыраулықтарды алдап-соққан «Эко Клиниктің» жыры бітер емес. Компанияның Атыраудағы өкілдігінің басшысы Мадина Мамбеталиева арнамызға хабарласып, болып жатқан жайларға байланысты өз пікірін білдірді. Оған сенсек, клиенттермен жасалған емдік қызметтер көрсету, жихаз сатып алу туралы келісім-шарттың барлығы бұл басшы болғанға дейін компанияның Мәскеудегі басшыларымен жасалған. Ал, одан түскен қаражаттың барлығы ғимаратты жалға алу ақысын төлеуге және косметологиялық препараттар сатып алуға жұмсалыпты. Дегенмен, Мәмбетәлиева тұрғындардың қолындағы келісім-шартта өзінің аты-жөні не себепті тұрғандығын түсіндіріп бере алмады. Тіпті құрылтайшылардың қитұрқы әрекеттерінен өзі де зардап шегіп отыр. Мәселенің оңтайлы шешілетіндігіне сеніп, олардың үстінен құзырлы орындарға арыз да түсірмеген. Сөзіне сенсек, қазір компанияның қарыздарын несие алып, өз бетінше жауып жатыр екен. Ал, тұрғындардың бұларды алаяқ деп кінәлауы тым артық көрінеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *