Маңғыстаулық инспекторлар браконьерлердің ауына түсіп қалған итбалықтарды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «7-8 қарашада Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Каспий теңізінің акваториясындағы Маңғышлақ архипелагының аралдарында рейдтік шаралар өткізді», — делінген комитеттің Фейсбуктегі парақшасында.
Нәтижесінде ұзындығы 300 метрдан астам ау табылып, олардың бірінен 2 итбалық құтқарылып, қайта теңізге жіберілді. Сонымен қатар 14 бекіре тұқымдас балық құтқарылды.
Дереккөз: inform.kz
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0