Атыраулықтар асыға күткен карантин режимі аяқталды. Көпке қиындық келтірген блок-бекеттер алынды. Ал маусымның үші күні базарлар ашылады. Жұмысын сауда және ойын сауық орталықтары да бастағанымен, кинотеатрлар, ойын алаңдары мен тамақтану орындарына әзірге рұқсат жоқ. 5 адамға дейінгі сауна, моншалар да іске кіріседі. Қоғамдық тамақтану орындары 50 адамға дейін ғана қабылдай алады. Ал жиын, той өткізуге әлі де тыйым салынады.
Айқын ЕЛЕУСІЗОВ, Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы
– Қалада мобильді топ құрылған. Сол топ осы нысандарды қарайды. Егерде қандай да бір кемшілік, талапқа сай болмайиын болса, тиісті шаралар қабылданатынын кәсіпкерлердің назарына береміз.
Ал мобильді топтың жұмысы көңіл көншітпейді. Кафе, мейрамханалар мен дүкен иелері санитарлық талапты сақтауға асығар емес. Тіпті елемейтін де сыңайлы.
Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары
—Өкінішке қарай, әсіресе Атырау қаласында көптеген қоғамдық тамақтану орнында біріншіден шектеу уақытын сақтамаған фактілер кездесті. Екіншіден іште отырған адамдардың арасында қоғамдық қашықтық сақталмауы. Оған қоса, бұл мекмелерге кірер жерде қолды заласыздандыратын құралдары жоқ. Өздері клиенттерді қызмет ететін кафе,дәмханалардың адамдарының өздерінде маска киілмеген. әкімшілік шара қаралған. Егер бұл шектеу шараларының режимі бұзылса, шара қолданылады. Егер екінші рет қайталанса бұл мекемелердің қызметін тоқтатауға шешім қабылдауға тура келеді.
Тұрғындардың күнделікті әдетіне айналған бетперде тағып, ара қашықты ұстау ережесі сақталады. Сондай-ақ, қаладағы зертханаларда ковид-19-ды анықтайтын сынаманы ақылы түрде тапсыруға болады. Ал, вируспен алдыңғы лекте күресіп жүргендердің тегін тапсыруға мүмкіндігі бар.
Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары
— Коронавирустық жұқпаға қатысты жұмыс атқарып отырған мемлекеттік мекемелер, денсаулық сақтау ұйымдары, полиция қызметкерлері, қарттар үйі, интернаттар, білім беру ұйымдары солардың қызметкерлерін осы үкімет тарапынан тестілеу жұмыстары алынып, жұмыстар атқарылып жатыр.Екі ай бойы оқшауланған Атырау енді-енді қалыпты өмірге келе жатыр. Ал вирус жұқтырғандар саны азаймай тұрған елдімекендер, нақтырақ айтсақ, Мақат кенті мен Жылыой ауданы және Теңіз кен орнындағы карантин әлі де сақталады.
Екі ай бойы оқшауланған Атырау енді-енді қалыпты өмірге келе жатыр. Ал вирус жұқтырғандар саны азаймай тұрған елдімекендер, нақтырақ айтсақ, Мақат кенті мен Жылыой ауданы және Теңіз кен орнындағы карантин әлі де сақталады.