Жаңалықтар

АРМЕНИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРДІ ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ

Армениядан алынған автокөліктерді Қазақстан азаматтарына тіркеу науқаны басталды. Үкіметтің қаулысына сәйкес, темір тұлпар иелері 1 маусымнан бастап уақытша мемлекеттік нөмір алуға құқылы. Атыраулық жүргізушілер де бұл игіліктен кенде қалмады.  Осы сәтті асыға күткен Нұрбек Бәшенов түсіне алмайтын тұстардың да бар екендігін айтады.

 
Нұрбек БӘШЕНОВ, Атырау қаласының тұрғыны

  • Автокөлігімді Армениядан былтыр алып келдім, тоғызыншы айда. Ол көлік өзіме ұнайды. Қазір шығып жатқан заңға менің қарсылығым жоқ. Мен бұл заңға қуана келісіп кеттім. Бірақ, налог жөнінде, салық жөнінде маған түсініксіз болды.2021-ден бастап салықты жаңадан төлейсіздер деп айтты. Себебі салық қалай төленеді, қалай есептелетінін түсініп тұрған жоқпыз.

Әкімшілік полиция мамандары атап өткендей, барлық салық заң аясында рәсімделеді. Дегенмен көлік иесі салықты Арменияға да, Қазақстанға да төлейді. Темір тұлпарды тіркеуге белгіленген жалпы сома 12 мың теңгеден аспайды. Ал автокөліктің өзі шетелден 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген болуы шарт.

Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ, Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы

  • Автокөлікті тіркеу үшін қандай талаптар қойылған? Бұл, ең бастысы, автокөліктің рульдік басқару жүйесі сол жағында болуы керек және Арменияда Қазақстан азаматының атына тіркелгені. Енді жол қозғалысы заңына сәйкес, рульдік басқару жүйесі оң жақта орналасқан автокөліктер тіркеуге жатпайды.

Тіркеу мерзімі шектеусіз болғанымен автокөлікті қайта сатуға рұқсат жоқ. Еске салайық, Армения елінен автокөліктерді тасымалдау осыдан екі жыл бұрын белең алған еді.  Осы уақыт аралығында Атырау облысына ресми мәліметтер бойынша 7000-ға жуық машина әкелінген. 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *