Басты ақпаратЖаңалықтарМұнай-газ саласындағы жаңалықтар

Канадалық компаниялар Маңғыстауда екі зауыт салады — инвестиция көлемі $200 млн

Маңғыстау облысында канадалық компаниялардың қатысуымен жалпы құны 200 миллион АҚШ долларын құрайтын екі ірі зауыт салынады. Бұл туралы Астанада Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен «KGIR-2025» — Қазақстанның жаһандық инвестициялық раунды атты халықаралық форум барысында жарияланды.

 

Форум жұмысына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, шетелдік инвесторлармен және трансұлттық компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер барысында аймақтың инвестициялық әлеуеті, табиғи ресурстары мен өнеркәсіптік дамудың стратегиялық бағыттары таныстырылды.

 

Акиматтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс делегациясының форумға қатысудағы басты мақсаты — тікелей шетелдік инвестиция тарту, өңір экономикасын әртараптандыру және энергетика, мұнай-газ химиясы мен өнеркәсіп салаларында халықаралық әріптестікті кеңейту болып табылады.

 

Биылғы форумның басты тақырыбы — «Трансформация дәуіріндегі жаңа шешімдер: Қазақстан — тұрақты экономикалық дамудың орталығы» деп аталды. Іс-шараға 40 елден 700-ден астам қатысушы — мемлекеттік органдардың, халықаралық корпорациялар мен ірі инвесторлардың өкілдері жиналды.

 

Форум аясында инвестициялық жобалар бойынша коммерциялық құжаттар алмасу рәсімі өтті. Соның ішінде Маңғыстау облысында жүзеге асырылатын екі маңызды жоба бар:

  • «Qazaq LNG Mangistau» ЖШС – сұйытылған табиғи газ өндіретін зауыттың құрылысы;
  • «Prime Methanol» ЖШС – метанол өндіретін зауыттың құрылысы.

 

Аталған жобалар Канада компаниялары – «Condor Energies Inc.» және «EurAsia Resource Value SE» бастамасымен жүзеге асырылады.

 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл зауыттар іске қосылған соң жыл сайын 145 мың тонна сұйытылған табиғи газ және 100 мың тонна метанол өндіріледі. Жобалар Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, Маңғыстау облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға елеулі үлес қосады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *