Жаңалықтар

Каирде пойыз апатқа ұшырап, 24 адам қаза тапты

Каирде пойыз рельстен шығып, өртеніп кетті, — деп хабарлайды «Масрави» порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, пойыз тағы бір пойызбен немесе платформамен соқтығысып, артынша өртенген. Қазіргі уақытта Каирдегі басты теміржол вокзалының ғимаратында эвакуация жүргізілді. Станцияда пойыз қозғалысы тоқтатылды. Өрт сөндіріліп жатыр.

«Шурук ньюз» басылымы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, өрттен шамамен 24 адамның қаза тауып, 50 адам зардап шеккен болуы мүмкін екенін хабарлады. БАҚ мәліметінше, олар иіс тиіп уланған.

 

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *