Жаңалықтар

Индерліктер баспаналы болады

Алдағы уақытта 200-ге жуық индерлік жаңа пәтерге ие болады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың аудан халқымен қоғамдық кездесуі кезінде белгілі болды. Өйткені, аймақ басшысының қабылдауына келгендердің дені – баспана мәселесін сөз етті. Дегенмен, Нұрлан Ноғаев оларға заңның барлығына бірдей екендігін, сондықтан тұрғындарға пәтер кілті тек кезегі келгенде тапсырылатындығын ескертті. Жалпы, қолда бар мәлімет бойынша 30 мыңнан асатын халқы бар Индер ауданында 1000-ның үстінде адам баспана кезегінде тұрған көрінеді. Бұдан өзге Атырау-Индер тас жолының жай-күйі де қозғалды. Нақтырақ айтқанда, ауылдықтар аталған бағытта қатынап, жолдың күйін кетірген ауыр жүк көліктерін тексеруге тиісті мекемелердің жұмысына сын айтты. Және ондағы полиция бекетін көліктердің салмағын анықтайтын құрылғымен жабдықтауды сұрады. Бірақ, Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының өкілдері сынның орынсыз екендігін, ал өздерінде небары қызметтік көліктің небары үшеу ғана екендігіне қарамастан, жұмыстың жасалып жатқандығын айтты. Оларға сенсек, өткен жылы Атырау-Индер тас жолының бойында жүргізушілерге қатысты 365 әкімшілік іс қозғалып, 60 миллион теңге көлемінде айыппұл салыныпты.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *