Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Индерде жылқылар шұңқырға құлап жатыр (видео)

Атырау, Caspian News.

Индер ауданында газ құбырына арналып қазылған құдықтарға жылқы малы құлап, ауыл халқы әбігерге түсуде. Бұл туралы жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіге жүктеген бейнероликтерден кейін белгілі болды. Олардың айтуынша, жағдай  ауданға қарасты Аққала  елдімекені маңында болып жатыр. Ақ адал малдары арам өлетін болды деп уайымдаған халық жұмыстардың тезірек аяқталғанын талап етуде. Аудан басшыларының айтуынша, ұзындығы бірнеше шақырымға жететін шұңқыр Елтай-Аққала ауылдары арасына тартылып жатқан жоғары қысымды газ құбыры үшін қазылған. Сондықтан, олар көпшіліктен ел игілігі үшін жасалып жатқан іс біткенше сабырлылық танытуды сұрайды.

Оқи отырыңыз...

МАҚАТТЫҚТАР АФРИКА БАЛАЛАРЫНА АУЫЗАШАР БЕРДІ

ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ЖӘНЕ ЕҢБЕК КІТАПШАСЫН ТАПСЫРУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ