Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ЗАҒИП ЖАН КӨЗІ КӨРМЕЙТІН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 10 КІТАПША ШЫҒАРДЫ

Ақтау қаласының тұрғыны Саида Құсайынова балаларға арналған ертегілер мен оқулықтарды брайль жүйесінде жазады. Зағип әйел өз бетімен 10 шағын кітапша дайындаған. Оның көбісі халық ертегісі. Кейбір еңбегі туабітті көру қабілетінен айырылған әлемге танымал адамдардың өмірбаяны туралы сыр шертеді. Саида Құсайынова орыс тілінде жазылған шығармаларды қазақ және ағылшын тіліне аударады. Содан соң оны брайль жүйесіне көшіреді. Өзі әмбебап кітапхананың арнаулы бөлімінде жұмыс істей жүріп, әлеуметтік қызметкер ретінде мүгедектігі бар балаларға қосымша сабақ та береді. Айтуынша оқушылар брайль жүйесімен жазылған кітапша арқылы сөйлем мазмұнын түсініп, қол моторикасы дамиды.

Толығырақ бейнематериалда

Оқи отырыңыз...

ДОПОЛНИТЕЛЬНЫЕ УСЛУГИ БИБЛИОТЕК

8 ЖАСАР НАУҚАС АНЫҚТАЛДЫ

Коронавирус жұқтырғандар саны 36 адамға жетті