Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ЖҰЛДЫЗДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ТОЙЛАНДЫ

Қазақ халқы үшін жаңа жылдың бастауы саналатын Наурыз мерекесі «Жұлдыз» ықшам ауданында да жоғары деңгейде тойланды. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген мерекеде киіз үйлер тігіліп, мерекелік концерт көпшілік назарына ұсынылды.Зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатқа айналып үлгерген әз-Наурыз күні алаңға баласы мен тазысын ерте келгендерді де кездестірдік.

Толығырақ сілтемеде

https://www.facebook.com/reel/3598520747094491

Оқи отырыңыз...

ДІНИ АХУАЛ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ NCOC КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҮСТІНЕН СОТҚА ШАҒЫМ БЕРІЛГЕНІН РАСТАДЫ

МАҢҒЫСТАУДА JAS TOLQYN-2023 БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ